Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу - әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің 1 пункті келесі редакцияда жазылсын:
"Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы белгіленсін.";
3-тармақтағы "және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таратылады" деген сөздер алып тасталсын.
| Мәслихат төрағасы | Қ. Байғоджаев |
