"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-6) тармақшасына сәйкес Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Қ. Байғоджаев |
| Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы № 46-261 шешімнің қосымшасы |
Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері
№ р/н | Қалалар және елді мекендердің санаты | Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын) | ||
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері | Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері | Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер | Монументтік өнер құрылыстары | |
1. | облыстық маңызы бар қалалар | 0,8 | 0,6 | 1,0 |
2. | аудан орталығы | 0,6 | 0,4 | 0,8 |
3. | кенттер | 0,4 | 0,4 | 0,6 |
4. | ауыл | 0,2 | 0,2 | 0,4 |
Ескерту: Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері жалдау ақысының мөлшерлемелерін жалдау алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.
