"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және оларды орналастыруға арналған алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 441 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Орталық аппаратын кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Орталық аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Е. Сәрсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Бұйрыққа 1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Атауы

Функционалдық мақсаты

Автокөлік құралдарын пайдалану құқықтары бар Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және оның филиалдары

Автомобильдер санының шегі

қозғалтқыш көлемі куб. см.

1 а/м бір айдағы жүретін жолы

1

2

3

4

5

6

7

1

Орталық аппарат

Кезекші автомобиль:
- Директордың басқару қызметін орындау үшін;
- басшыларды құқық қорғау органдарымен, арнайы органдармен және соттармен сот сараптама қызметінің ерекшелігіне байланысты өзара іс-қимыл үшін автокөлікпен қызмет көрсету үшін;
- Орталық аппараттың тұрмыс тіршілігін қамтамасыз етуде қалалық коммуналдық қызметімен айсайынғы жұмыстар

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

1

3000 артық емес

2100

2

Сот сараптамалары институттары

Кезекші автомобиль:
- басшылардың басқару қызметін орындау үшін;
- сот сараптама қызметінің ерекшелігіне байланысты басшыларды құқық қорғау органдарымен, арнайы органдармен және соттармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін;
- сот сараптамасы өндірісінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін аумақтық бөлімшелердің коммуналдық қызметімен тұрақты жұмыс үшін;
- аумақтық бөлімшелердің кезекші сарапшысының жұмыс орнына уақтылы келуін қамтамасыз ету үшін;
- мәйіттерге, алыстағы елді мекендерге, тергеу изоляторларына және уақытша ұстау изоляторларына шыға отырып сот-медициналық сараптама өндірісін жүзеге асыру үшін.

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның филиалдары

2

3000 артық емес

2100

Сот сарапшыларының жол-көлік оқиғасының сот сараптамаларын және экологиялық сараптаманы жүргізу үшін зерттеу объектілерін қарап-тексеру мақсатында оқиға орнына жедел шығуына арналған арнайы автокөлік (жылжымалы зертхана).

2

-

-

Төтенше жағдайлар кезінде елді мекендерден тыс жерлерге шыға отырып, сараптамалар жүргізуге арналған арнайы көлік.

1 (сот-медициналық сараптаманы жүргізуге арналған арнайы жабдықпен жабдықталған)

-

-

Жедел шығуға арналған зембілі бар арнайы санитариялық автокөлік.

1

-

-

      Ескертпе: Орталық аппарат және оның аумақтық бөлімшелерінің бұйрық қолданысқа енген сәтінде не кейіннен автомобильдерінің нақты санының шегінен артуы, Орталық аппараттың және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы өзгерген жағдайда, осы автомобильдерімен қамтамасыз етудің заттай нормасына сәйкес, автомобильдерінің тозуына байланысты автомобильдерін есептен шығару арқылы не оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өзге ведомстволық бағынысты ұйымдарының теңгеріміне өткізу арқылы жүргізіледі.

  Бұйрыққа 2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары


р/р

Телефон байланысы түрлерінің атауы

Пайдаланушылар

1

2

3

1

ТМД* елдерімен және алыс шет елдермен халықаралық телефон байланысы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры

2

Республика ішіндегі қалааралық телефон байланысы

Директор, директордың орынбасарлары, директордың қабылдау бөлмесі, Орталық аппараттың басқарма және бөлім басшылары

Директор, директордың орынбасары, директордың қабылдау бөлмесі, ӘБП**, ӘШҚ*** бөлім басшылары мен аумақтық бөлімшелердің құжатайналымы бойынша бөлімі

3

Қалалық нөмірлермен телефон байланысы

- Директор, директордың орынбасарлары, директордың қабылдау бөлмесі, Орталық аппараттың, басқарма және бөлім басшыларына - бір нөмірден;
- Орталық аппараттың қызметкерлеріне -үшеуіне бір нөмір.

- Директор, директордың орынбасарлары, директордың қабылдау бөлмесі, , ӘБП**,ӘШҚ*** бөлім басшылары және аумақтық бөлімшелердің құжат айналымы бөліміне – бір нөмірден;
- аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне- бесеуіне бір нөмірден

      Ескертпе:

      * ТМД –Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

      ** ӘБП - Әкімшілік-басқару персоналы

      *** ӘШҚ - Әкімшілік шаруашылық қамтамасыз ету

  Бұйрыққа 3-қосымша

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Орталық аппаратын кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары


р/р

Персоналдың лауазым атауы

Жиһаз атауы

Офистік жиһазсаны (1 бірлікке)

1

2

3

4

1

Директордың кабинеті

Үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Ұйымдтехниканың астында тұратын тумба

1

Сырт киімге арналған шкаф

1

Қағазға арналған шкаф

1

Келіссөздер үстелі

1

Журнал үстелі

1

Теледидар астында тұратын тумба

1

Диван

1

Директорға арналған кресло

1

Келушілерге арналған кресло

6

2

Директордың қабылдау бөлмесі

Үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Қағазға арналған шкаф

1

Ұйымдтехниканың астында тұратын тумба

1

Сырт киімге арналған шкаф

1

Келушілерге арналған орындық

4

Кресло

1

3

Директор орынбасарының кабинеті

Үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Ұйымдтехниканың астында тұратын тумба

1

Сырт киімге арналған шкаф

1

Қағазға арналған шкаф

1

Теледидар астында тұратын тумба

1

Кресло

1

Келушілерге арналған кресло

4

4

Басқарма басшысының кабинеті

Үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Қағазға арналған шкаф

1

Сырт киімге арналған шкаф

1

Келушілерге арналған орындық

2

Кресло

1

5

Жұмысшылар

Үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Қағазға арналған шкаф

2 бірлік 1 дана

Сырт киімге арналған шкаф

2 бірлік 1 дана

Құжаттар үшін сөрелер

2 бірлік 1 дана

Келушілерге арналған орындық

1

Кресло

1

      Ескертпе: Орталық аппараттың жиһаз нақты санының артуы бұйрық қолданысқа енгізілген кезде не Орталық аппараттың құрылымы өзгерген жағдайда осы жиһазбен қамтамасыз ету, заттай нормасына сәйкес жиһазды есептен шығару немесе табиғи тозу салдарынан жүргізіледі.

  Бұйрыққа
  4-қосымша

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Орталық аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары

№ р/р

Үй-жай атауы

Өлшем бірлігі

Үй-жай алаңы

1

2

3

4

1

Директордың кабинеті

шаршы метр

25

2

Директордың қабылдау бөлмесі

шаршы метр

7

3

Директор орынбасарының кабинеті

шаршы метр

15

4

Орталық аппарат қызметкерлерінің кабинеті

шаршы метр

7,5

5

Орталық аппараттың жалпы үй-жайы (конференц-зал, мұрағат, серверлік, қойма)

шаршы метр

25% жиыны

6

Орталық аппараттың қосалқы үй-жайы (дәліздер, дәретханалар, жеке гигиена үй-жайы және басқа)

шаршы метр

20% жиыны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады