Әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 23 ақпандағы № 180 бұйрығы

      2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары бекiтілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Е. Сәрсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
бұйрығымен бекітілген

Әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары

№ р/с

Үй-жайдың атауы

Өлшем бірлігі

Үй-жайдың алаңы

1

2

3

4


Әділет органдарына арналған ерекше үй-жайлар

1

заңды тұлғалар бөлімінің мұрағаты үшін үй-жай:

шаршы м.

600

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменті


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады