Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 33 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 6, 8 баптарына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40-жылдығына (26 сәуір 2026 жыл) орай Хромтау ауданында тiркелген және тұрақты тұратын келесі санаттағы азаматтарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;
2) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
4) сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;
5) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар.
2. Қосымша әлеуметтік көмек "Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен алушылардан өтініштер талап етілмей "Азаматтарға арналға үкімет" Мемлекеттік корпарациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының тізімдеріне сәйкес көрсетіледі.
3. Хромтау ауданының жергілікті бюджеті қаржыландыру көзі болып анықталсын.
4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы |
Э. Б. Болатов |
