Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 81-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамының 2026 жылғы 8 мамырдағы № ҰЗ-99 санды қатынас хаты негізінде Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 87 "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамымен барлау және бақылау ұңғымаларын бұрғылау мақсатында қоғамдық сервитут белгілеу үшін" қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Темір ауданының әкімі | А. Жақсылықов |
