Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ХХI-Энергосервис" ЖШС Ақтөбе қаласы, Жиембет жырау көшесі, № 11 "В" учаске мекен жайында орналасқан жалпы көлемі 577,8 шаршы метр жер учаскесіне, жер пайдаланушыдан алып қоймай, қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Кабылов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. "Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | А. Бекет |
Жоба ұсынушы:
"Ақтөбе қаласының жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі бөлімі" ММ басшысы Ж. Кабылов
