"Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 359 шешімі

      Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларында:

      18-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарда жасыл екпелерді тиімді басқару үшін бірыңғай цифрлық база құру, оның ішінде жасыл екпелер санының қолданыстағы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкестігін белгілеу;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
төрағасы
Г. СҮЙІНТАЕВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады