Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларында:
18-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарда жасыл екпелерді тиімді басқару үшін бірыңғай цифрлық база құру, оның ішінде жасыл екпелер санының қолданыстағы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкестігін белгілеу;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Облыстық мәслихаттың төрағасы |
Г. СҮЙІНТАЕВА |