"Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd" жеке компаниясына жария сервитут белгілеу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 48 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 112 қаулысы

      Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd" жеке компаниясына жария сервитут белгілеу туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 48 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      қаулының 3-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қаулы қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шалқар ауданы бойынша 87 937 теңге сомасына және Байғанин ауданы бойынша 493 378 теңге сомасына жер учаскелерін шектеулі пайдалану (жария сервитут) шартын жасасуды қамтамасыз етсін.";

      қаулы мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) егер жария сервитутты белгілеу жер учаскесін пайдалану мүмкін болмайтын жағдайларға алып келсе, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушыға келтірілген залал толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.".

      2. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

      осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін, осы қаулыдан туындаған шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ақтөбе облысы әкімінің міндетін атқарушы Ж. Батырхан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады