"Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd" жеке компаниясына жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 48 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 69, 140-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd" жеке компаниясына меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін алып қоймастан Байғанин және Шалқар аудандарында жария сервитут, жалпы көлемі 1009, 1404 гектарға "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының құрылыс кезеңіне екінші желісінің сызықтық бөлігін орналастыру үшін 5 жыл мерзімге белгіленсін.

      2. Байғанин, Шалқар аудандарының әкімдігі осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

      қаулы қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер учаскелерін шектеулі пайдалану (жария сервитут) шартын жасасуды қамтамасыз етсін.

      4. "Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd" жеке компаниясы жұмыстар аяқталғаннан кейін алты ай мерзімде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып, бұзылған жерлерді рекультивациялау бойынша іс-шаралар жүргізілсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2026 жылғы 12 наурыздағы
№ 48 қаулысына қосымша

"Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd" жеке компаниясына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

р/с №

Жер пайдаланушының және меншік иесінің атауы

Кадастрлық нөмірі

Жария сервитут белгілеудің алаңы, гектар

Байғанин ауданы

1.

"Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС

02-023-024-548

0,2296

2.

Босалқы жер

-

512,6497

Байғанин ауданы бойынша жиыны:


512,8793

Шалқар ауданы

3.

"ТетисАралГаз" ЖШС

02-035-028-073

0,042

4.

"Еңбек" шаруа қожалығы

02-035-028-069

23,2894

5.

"ТетисАралГаз" ЖШС

02-035-026-421

0,0124

6.

"ТетисАралГаз" ЖШС

02-035-028-032

0,0308

7.

"ТетисАралГаз" ЖШС

02-035-028-103

0,0048

8.

"Адал Сервис Актобе" ЖШС

02-035-028-163

0,0542

9.

"ТетисАралГаз" ЖШС

02-035-026-514

0,126

10.

"Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС

02-035-030-1043

0,8343

11.

"Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" ММ

02-035-028-164

0,2303

12.

"Интергаз Орталық Азия" АҚ

02-035-026-552

0,0263

13.

"Интергаз Центральная Азия" АҚ

02-035-026-107

0,0001

14.

"Отар" шаруа қожалығы

02-035-002-200

7,843

15.

"Отар" шаруа қожалығы

02-035-002-052

6,385

16.

"Отар" шаруа қожалығы

02-035-029-009

5,8386

17.

"Отар" шаруа қожалығы

02-035-029-051

0,1071

18.

"Адилханит" шаруа қожалығы

02-035-029-001

14,3953

19.

"Назар" шаруа қожалығы

02-035-029-053

26,6187

20.

"Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС

02-035-026-479

0,0295

21.

"Ерболсын" ЖШС

02-035-029-035

5,6031

22.

"Қуанышбай" шаруа қожалығы

02-035-029-036

17,6646

23.

"Наурыз Е" шаруа қожалығы

02-035-012-254

5,9946

24.

"Наурыз Е" шаруа қожалығы

02-035-012-253

1,099

25.

"Кенжебаев Жүсіп атындағы" шаруа қожалығы

02-035-012-198

15,2722

26.

"Береке" шаруа қожалығы

02-035-012-194

7,9933

27.

"Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС

02-035-026-457

0,0286

28.

"Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС

02-035-012-282

0,0006

29.

Бозой ауылдық округі Бозой ауылының жерлері

-

134,4784

30.

Босалқы жер

-

222,2589

Шалқар ауданы бойынша жиыны:

496,2611

Аудан бойынша жиыны:


1009,1404


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады