Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 467 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті (А.Б. Аталықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты ол алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
  2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 467 бұйрығына
қосымша

Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жою/кәдеге жасасу жөніндегі қызметтер;

      2. Жеке басты куәландыратын құжаттарды жою/кәдеге жасасу жөніндегі қызметтер;

      3. Коммерциялық ұйымдармен интеграциялық өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде ақылы негізде деректерді өңдеу және өңдеу нәтижелерін ұсыну.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады