Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 30/1 шешімі

      Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8685-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақтың 10) тармақшасы алынып тасталсын;

      7-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;

      10-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      10-тармақтың 10) тармақшасы алынып тасталсын;

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қолдаудағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша көрсетіледі:

      1) кірістерді есепке алмағанда:

      дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет үш айдан кешіктірмей 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде;

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      амбулаториялық емдеудегі белсенді нысандағы туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір рет, босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 6 және 7 – баптарында көрсетілген адамдарға, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көрсетілген адамдарға коммуналдық қызметтер үшін шығыстарға ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      2) кірістерді ескере отырып жылына 1 рет:

      жанбасынашаққандағыорташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      жанбасынашаққандағыорташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы Г. Мұстафина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады