Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № а-7/168 "Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № а-2/47 қаулысы

      Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № а-7/168 "Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 105345 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 тамызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      преамбула жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына сәйкес" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 211793 болып тіркелген), Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Қадыралина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады