Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № а-7/168 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 5483 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына сәйкес" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 211793 болып тіркелген), Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда – Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 26.03.2026 № а-2/47 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау сол мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Сүйіндіков

  Жақсы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы " 1 " шілдедегі
№ а-7/168
қаулысына қосымша

Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

      1. Еңбекақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде техникалық персоналдың еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.
      3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, шәкіртақылар.
      4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.
      5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.
      6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.
      7. Ағымдағы нысаналы трансферттер және дамытуға насаналы трансферттер, республикалық бюджеттен бөлінетін бюджеттік кредиттер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады