Ерейментау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № а-1/15 бірлескен қаулысы және Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 8С-50/4-26 шешімі

      1. Қазақстан Республикасының Жер Кодексiнің 43-1 бабының 2-1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 31-баптарына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      2. Осы бірлескен қаулының және шешімінің қосымшасына сәйкес Ерейментау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқандалсын.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының әкімі Н.Мұқатов
      Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы М.Әбжіков

 
  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 26 қаңтардағы
№а-1/15 бірлескен қаулысына
және Ерейментау аудандық
мәслихатының
2026 жылғы 26 қаңтардағы
№ 8С-50/4-26 шешіміне
қосымша

Ерейментау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері

Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар

Оның ішінде

егістік

шабындықтар

жайылымдар

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

5250

1500

60

3690

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

35000

10000

400

24600


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады