Астрахан ауданы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға жарналардың мөлшерін ең аз бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 8С-50-6 шешімі

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астрахан ауданы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға жарналардың мөлшерін ең аз бекіту туралы осы шешімнің қосымшасына сәйкес айына пайдалы алаңның бір шаршы метріне республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген 0,0058 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы М. Қожахмет

  Астрахан аудандық
мәслихатының
2026 жылғы 10 сәуірдегі
№8С-50-6 шешіміне
қосымша №1

2026 жылға Астрахан ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу

      Астрахан ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға жарналардың ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген кондоминиум объектісін басқаруға жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне (бұдан әрі - әдістеме) сәйкес есептелген.

      Әдістеме тұрғын үй қатынастары саласында жергілікті атқарушы органдар кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеген кезінде қолданылады.

      Кондоминиум объектісін басқаруға жарналардың ең төмен мөлшері міндетті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнынан кемінде үш коммерциялық ұсыныстың негізінде қалыптастырылады, негізге жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ең аз құны бар ұсыныс қолданылады.

      Аймақ үшін кондоминиум объектілерін басқаруға ең төмен жарна мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      В жарнаның ең төмен мөлшері = (Р /(S *12 ай))/ АЕК

      мұндағы:

      В – айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептелетін кондоминиум объектілерін басқаруға арналған жарнаның ең төмен мөлшері;

      Р-жұмыстар мен қызметтердің ең төмен құны бар коммерциялық ұсыныстан есептеуде пайдаланылатын кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстар сомасы = жылына 214183 теңге;

      S-шаршы метрмен есептелетін барлық кондоминиум нысандарының пайдалы ауданы = 714 м2 ;

      АЕК-республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш 2026 жылы 4325 теңгені құрайды.

      В = (214183/(714 * 12 ай)) / 4325 = 0,0058 АЕК айына 1 м2 үшін

      Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін орындалған есеп негізінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітеді.

      Кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшері пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері ағымдағы жарналардың мөлшері туралы шешім қабылдамаған немесе бұрын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өкілдік орган белгілеген кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарнаның ең төмен мөлшерінен кем кондоминиум объектісін басқаруға арналған төлемақыны бекіту туралы шешім қабылдаған көппәтерлі тұрғын үйлерде қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады