Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атбасар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 01 желтоқсандағы № а-12/243 "Атбасар ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | К.Әлімжанов |
| Атбасар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "___"_________ № _________ қаулысына қосымша |
Атбасар ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
№ | Мекемелердің типтері |
Күніне бір қызмет алушының тарифі |
1 | Үйде қызмет көрсету | 2175,01 |
2 | Күндізгі болу бөлімшесі, жартылай стационар | 3609,14 |
| Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы, жартылай стационар | 5986,41 |
4 | Мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы, жартылай стационар | 7373,63 |