Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № А-4/64 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақкөл ауданының, Урюпин ауылдық округі әкімшілік шекарасында орналасқан, жалпы ауданы 638,5 гектар жер учаскесін "Горнодобывающая компания "ЧЭНЬХЭ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, 2032 жылғы 9 ақпанға дейінгі мерзімге пайдалы қатты қазбаларды барлау үшін қауымдық сервитут осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Горнодобывающая компания "ЧЭНЬХЭ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және жер пайдаланушылармен осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалану (қауымдық сервитут) жөнінде келісім-шарт жасассын.

      3. "Горнодобывающая компания "ЧЭНЬХЭ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.

      4. "Горнодобывающая компания "ЧЭНЬХЭ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.

      5. "Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қауылы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі Б. Әбдірахманов

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2026 жылғы __ __________
№________ қаулысына
1 қосымша

"Горнодобывающая компания "ЧЭНЬХЭ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

№ р/с

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы

кадастрлық нөмірі

Жария сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары, егістік, гектар

Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар

1

"Урюпинский и К" ЖШС

01-001-004-471

630,6188

630,6188


2

Босалқы жерлер


7,8812




Жиыны


638,5

630,6188



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады