БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 5-тармағының 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайда әскери қызметші әскери қызметте дәлелсіз себеппен болмаған, әскери емес лауазымда әскери қызмет өткерген жағдайда оған, қамауда болған уақытта сотталған әскери қызметшіге ақшалай ризық командирдің (бастықтың) бұйрығы негізінде әскери қызмет міндеттерін нақты орындау күніне пропорционалды түрде төленеді. Бұйрықта әскери қызметте нақты болмаған күн көрсетіледі. Ақшалай ризықты пропорционалды есептеу үшін бір айдағы күнтізбелік күн қолданылады.";
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақшалай ризықты төлеу кезінде әскери қызметші тиісті кезең үшін оған тиесілі ақшалай ризықтың құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалудың мөлшері мен негіздері туралы, сондай-ақ төленуге тиіс жалпы ақша сомасы туралы қағаз түрінде немесе электрондық нысанда ай сайын хабардар етіледі.";
7-3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекетке Біріккен Ұлттар Ұйымы "Бітімгершілік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 2-тармағында көзделген персоналдың қатысқаны үшін бөлетін қаражатты төлеуді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығы ол бөлімнің валюталық шотына түскен күнгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми валюта бағамы бойынша қайта айырбасталғаннан кейін жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 7-6-тармақпен толықтырылсын:
"7-6. Әскери қызметшіге ол қызмет өткеріп жүрген әскери бөлім (мекеме) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығы негізінде ағымдағы ай үшін ақшалай ризықпен бірге өткен ай үшін үш еселенген мөлшерде ақшалай жабдықталымды төлейді.";
26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Командирдің (бастықтың) өкіміне қабылданған күннен бастап оған міндеттерді жүктеп, әскери қызметшіге соңғы атқарған лауазымы бойынша сыныптық біліктілік үшін ақшалай жабдықталым және үстемеақы төлеу мынадай мерзім ішінде сақталады:";
26-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26-1. Әскери қызметшіге командирдің (бастықтың) өкімінде тұрған кезеңде оған қатысты күдіктінің әрекетін жіктеу туралы қаулы шығарылған күннен бастап тиісті жылға белгіленген ең төменгі жалақы төленеді.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Ақшалай ризық алуға құқық айқындалған кезде өкімде тұру мерзіміне әскери қызметшінің жыл сайынғы негізгі демалысында, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде, ал олар әскери қызмет өткеру орны бойынша болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер болмаған жағдайда – медициналық ұйымдарда емделуде болған кезеңдер өкімде болу мерзіміне есептелмейді.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Ақтайтын негіздер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау (қылмыстық іс) тоқтатылған немесе сот ақтау үкімін шығарған жағдайда әскери қызметшіге ақшалай үлес Қағидалардың 26-1-тармағына сәйкес төленген соманы алып тастап, командирдің (бастықтың) өкімінде мәжбүрлі тұрған уақыты үшін төленеді.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Сыныптық біліктілігі үшін үстемеақыны қоспағанда, ерекше қызмет жағдайы үшін үстемеақы мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери қызметшіге командирдің (бастықтың) бұйрығы негізінде ерекше қызмет жағдайы үшін үстемеақы алуға құқығы бар лауазымға тағайындалған күннен бастап, бірақ іс пен лауазым қабылданған күннен ерте емес төленеді.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Ұшқыш әскери-есептік мамандығына сәйкес лауазымда әскери қызмет өткеретін, тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығымен оқу жылына арналған ұшуға жіберілген, ұшуды орындайтын және рұқсат етілген мерзімнен артық үзілісі жоқ әскери қызметшіге ерекше қызмет жағдайы үшін үстемеақы өткен ай үшін ағымдағы айда төленеді.";
44-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Рұқсат етілген мерзімнен артық үзілісі жоқ әскери қызметшілерді, сондай-ақ оларға байланысты емес себептер (нақты себептерді көрсете отырып) бойынша осы ұшуды орындамаған адамдар көрсетіле отырып, үстемеақы төлеу туралы тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығымен ай сайын жарияланады.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Атқарып отырған лауазымынан босатусыз ұшу жұмысынан шеттетілген әскери қызметшіге үстемеақы командир (бастық) ұшу жұмысынан шеттету туралы бұйрыққа қол қойған күнге дейін төленеді.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Әскери қызметшіге қызмет өткерудің ерекше жағдайы үшін үстемеақы командирдің (бастықтың) бұйрығы негізінде төленеді.";
50-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Командирдің (бастықтың) үстемеақы төлеу туралы бұйрығы ай сайын шығарылады онда мыналар көрсетіледі:";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Үстемеақы төлеу командирдің (бастықтың) бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.";
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Әскери қызметшіні командирдің (бастықтың) оған үстемеақы төлеуге бұйрығына қосу үшін негіз:";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тиісті командирдің (бастықтың) тікелей рұқсат ету туралы өкімінің болуы;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) командирдің (бастықтың) бұйрығымен мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуден босатылған адамға;";
алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Төлеуді тоқтата тұру және қайта бастау туралы шешім командирдің (бастықтың) бұйрығымен (саптық бөлім бойынша) жарияланады.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Үстемеақы әскери қызметшіге командирдің (бастықтың) бұйрығы негізінде төленеді, ол үстемеақыны бірінші рет тағайындаған, үстемеақы төлеуді қайта бастаған, сондай-ақ үлкен мөлшерде үстемеақы төлеуге құқық беретін жұмыс өтіліне жеткен кезде шығарылады.
Әскери лауазымға тағайындалған (әскери лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқаруға жіберілген) кезде үстемеақы төлеу командирдің (бастықтың) көрсетілген үстемеақыны төлеу туралы бұйрығында көрсетілген күннен бастап жүргізіледі.
Бұйрықта әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы, шифрлау жұмысындағы өтілі және пайыз түрінде белгіленетін үстемеақы мөлшері көрсетіледі.";
65-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Сауықтыруға арналған жәрдемақы онда жәрдемақының сомасын көрсете отырып, командирдің (бастықтың) бұйрығы негізінде төленеді. Командирдің (бастықтың) әскери қызметшінің жыл сайынғы негізгі демалысқа кеткені туралы бұйрығы алдын ала демалыс басталғанға дейін шығарылады. Бұйрықтан үзінді бұйрық шығарылған күні қаржы органына беріледі. Қаржы органы әскери қызметшінің демалысы басталғанға дейін үш күннен кешіктірмей сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеуді жүргізеді.";
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Келісімшарт бойынша әскери қызметші теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығарылған жағдайда алған сауықтыруға арналған жәрдемақы сомасын қызмет өткермеген уақытына барабар өтейді.
Сауықтыруға арналған жәрдемақы сомасын есептеу нақты мөлшері негізге алынып, пропорционалды түрде есептеледі.
Өтелетін сауықтыруға арналған жәрдемақы сомасының мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

L – Р = V
мұнда: L – төленген сауықтыруға арналған жәрдемақының мөлшері;
365 күн – бір жылдағы күндер саны (ауыспалы жылда 366 күн);
К – бір жыл ішінде қызмет өткерген күндер саны;
Р – сауықтыруға арналған жәрдемақының тиесілі сомасы;
V – өтелетін сома.";
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Өтемақы төлеу командирдің (бастықтың) бұйрығы негізінде ақшалай ризықты төлеген сәтте көрсетілген жұмыстарды орындаған күндері үшін жүргізіледі. Бұл ретте бұйрықта жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, қатерсіздендіру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындаумен айналысатын әскери қызметшілердің тізімі және осы жұмыстарды жүргізу кезеңі көрсетіледі.";
97-9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"97-9. Әскери қызметшіге материалдық көмек көрсету мынадай жағдайда:";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"97-10. Әскери қызметшіге материалдық көмек оның тиісті материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияға баянаты негізінде көрсетіледі. Баянатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:";
7) тармақшаның бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметшіге зейнеткерлікке шыққан кезде материалдық көмекке жеке құрам бойынша қызметтен шығару туралы бұйрық шығарылған күнге дейін бір айдан кешіктірілмей берілген баянат негізінде жол беріледі.";
7) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
"Комиссия зейнеткерлікке шығуға байланысты материалдық көмек көрсету туралы баянатты қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді ұсынылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қарайды. Қарау нәтижесі бойынша комиссия хаттаманы ресімдейді, оның негізінде командир (бастық) комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей материалдық көмек төлеу туралы бұйрық шығарады.
Материалдық көмек бөлім тізімінен шығарылған күнге дейін төленеді.";
97-12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"97-12. Аурудың өте ауыр түрлері (мысалы: онкологиялық аурулар) болған жағдайда комиссия материалдық көмек мөлшерін, бірақ екі еседен артық емес ұлғайту туралы шешім қабылдауы мүмкін.".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты |
Д. Қосанов |
