Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 139 бұйрығы

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
авиация генерал-лейтенанты
Д. Қосанов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2026 жылғы "13" ақпанындағы
№ 139 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

Жүзеге асырылатын міндет шеңберінде жинау және өңдеу мақсаттары

Белгілі бір мақсат үшін дербес деректің атауы

1

Мемлекеттік органның персоналын басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік органның персоналын басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде әскери қызмет өткеруді қамтамасыз ету

Тегі, аты, әкесінің аты (болса)

2

Тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы мәлімет

3

Туған жылы, күні, айы

4

Туған жері

5

Ұлты

6

Жеке сәйкестендіру нөмірі

7

Азаматтығы туралы мәлімет

8

Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәлімет

9

Жеке нөмір

10

Әскери атағы туралы мәлімет

11

Негізгі антропометриялық дерек

12

Отбасы жағдайы туралы мәлімет (некеде болуы, неке қию туралы куәлік дерегі, некені бұзу туралы куәлік дерегі, зайыбының (жұбайының) тегі, аты, әкесінің аты (болса), зайыбының (жұбайының) жеке басын куәландыратын құжаттың дерегі, туыстық дәрежесі, басқа отбасы мүшелерінің, асырауындағы адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болса) және туған күні, балаларының (оның ішінде асырап алған, қамқорлығындағы) болуы және олардың жасы)

13

Білімі туралы мәлімет (оқу орнына оқуға түскен күні (оқу орнынан шығарылған күні), дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім беру мекемесін бітіргені туралы басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері, факультеті немесе бөлімшесі, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, мемлекеттік және өзге де тілді білуі)

14

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметке дейінгі дербес еңбек қызметі туралы мәлімет

15

Еңбек кітапшасына енгізілген мәлімет (әскери қызмет өткеруді қоспағанда)

16

Жүргізуші куәлігінің болуы туралы мәлімет

17

Мемлекеттік және ведомстволық награда, грамота, алғыс хат туралы мәлімет (награданың атауы немесе аты, марапаттау туралы нормативтік актінің күні мен түрі)

18

Ғылыми дәрежесі және атағы туралы мәлімет

19

Тұрғын үйінің (жылжымайтын мүліктің), жылжымалы мүліктің болуы (болмауы) туралы мәлімет

20

Әлеуметтік жеңілдігі және әлеуметтік мәртебесі туралы мәлімет (жеңілдік пен мәртебе беру үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы, құжат сериясы, нөмірі, берілген күні)

21

Спорттық разрядының, спорттық атағының болуы туралы мәлімет (құжат сериясы, нөмірі, берілген күні)

22

Әскери міндетті адамдардың және әскери қызметке шақырылуға тиіс адамдардың әскери есепке алынуы туралы мәлімет

23

Жеке басын куәландыратын құжаттың дерегі (құжат атауы, нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі; құжат берген орган)

24

Жеке басын (әскери) куәландыратын құжаттың дерегі

25

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеруі туралы мәлімет

26

Соғысқа және басқа да жауынгерлік іс-қимылға қатысқаны туралы мәлімет

27

Зейнетақыға еңбек сіңірген жылын жеңілдік шартында есептеуге құқық беретін әскери қызметі туралы мәлімет

28

Жауынгерлік іс-қимылда жаралануы, контузия алуы, күюі мен улануы және олардың сипаты, қашан және қайда алғаны туралы мәлімет

29


Шетелде іссапарда болуы

30


Запаста болу уақытында әскери жиыннан өтуі

31


Өмірбаяны

32


Аттестаттау бойынша материал

33


Тұрғылықты жерінің мекенжайы

34


Байланыс телефонының нөмірі

35


Қызметтік мінездемесі

36


Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың, еңбек шартының мазмұны мен деректемесі

37


Жеке құрам және саптық бөлім бойынша бұйрықтарда және оларға материалда көрсетілген мәлімет

38


Көтермелеу мен тәртіптік жаза туралы мәлімет

39


Қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы төленгені туралы мәлімет

40


Ағымдағы тұрғын үй төлемін алғаны туралы мәлімет

41


Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы мәлімет

42


Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылығы (ӘДК-нің қорытындысы)

43


әскери-есептік мамандық бойынша даярлыққа және әскери лауазымда әскери қызметке кәсіби жарамдылығы

44


Қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәлімет

45


Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәлімет

46


Ұшу жұмысын, жүзу өтілін, парашютпен секіруді, сүңгуірдің су астындағы жұмысын, жерасты құрылысжайында жауынгерлік кезекшілік атқаруды есепке алғаны туралы мәлімет

47


Өзіне және зайыбына (жұбайына) кіріс пен мүлік туралы декларацияны тапсырғаны туралы мәлімет


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады