"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 914-1-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 43-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласында Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 158-1267 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-жолмен толықтырылсын:
"
25. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. | Аумақты тазалау, оның ішінде қарды, қоқысты және мұз қатпарын тазарту, іргелес аумақтарды таза ұстау, сондай-ақ абаттандыру және санитариялық тазалықты қамтамасыз ету жөніндегі өзге де іс-шараларды жүзеге асыру. |
".
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Мейрханға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |