"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 7-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалардың 6-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативі отбасы мүшелері мен жақын туыстарды қоспағанда, бір адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр мөлшерінде пайдалы тұрғын алаңы белгіленсін.
2. "Астана қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болу (тұру) орны бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 368/48-VIII шешімі күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Т.Зейнұлқабден |
