"Астана қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Астанa қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 375/48-VIII шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 407/52-VIII шешімі

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 375/48-VIII шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 106, 107, 108, 109, 110-жолдармен толықтырылсын:

      "

106.

65

"Отау" шағын ауданы – "Көктал-1" тұрғын алабы

107.

68

Кенесары көшесі – "Бағыстан" тұрғын үй кешені

108.

75

"Күйгенжар" тұрғын алабы – "Нұрлы жол" теміржол вокзалы

109.

78

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы – Қ. Рысқұлбеков көшесі

110.

82

Бұқар жырау көшесі – Алаш тасжолы

      ".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады