"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-3 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшерін есептеу әдістемесіне (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 20284 болып тіркелген) сәйкес, Астана қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласында 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін 1 шаршы метр үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 0,016 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Т. Зейнұлқабден |
