Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 41-5 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты, Тасқала аудандық мәдени демалыс орталығы, Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және Тасқала ауданының спорт клубы мекемелерінің (кәсіпорын) қаржы мамандарының лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемеақысы отыз пайыз көлемінде белгіленсін.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Мәслихат төрағасы Ж. Бисенгалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады