Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 140 "Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысын жою туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 209 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 140 "Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Суйеугалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады