Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 140 "Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | К. Суйеугалиев |