Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығының 2 бөлігінің 4-тармағының 3-тармақшасына және Бәйтерек ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2025 жылғы 24 шілдедегі № 5, 2025 жылғы 31 шілдедегі № 6 жоспардан тыс отырыстарының хаттамаларына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округі, Мичурин ауылының және Бәйтерек ауданы, Кушум ауылдық округі, Кушум ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Е. Туксамбаев |