2026 жылға Орал қаласы бойынша үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 2999 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға Орал қаласы бойынша үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Байменов

  Орал қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 18 желтоқсан
№ 2999 қаулысына қосымша

Үй жағдайында көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтер

Қызмет түрлері

Лауазым

Бір қызметтің құны (теңгемен)

Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер

1

Қызмет алушылардың денсаулық жағдайына байланысты әдеттегі тұрмыстық әрекеттерді орындай алмауына байланысты жеке күтім көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету.
Оның ішінде төсекке тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, су ішу, дәретханаға немесе дәрет ыдысына бару, қозғалу, тістерге немесе жақ протезіне күтім жасау, көзілдірік немесе есту аппараттарын пайдалану, тырнақты алу, сондай-ақ ер адамдарға — сақал мен мұрт қыру сияқты әрекеттерді орындауға көмектесу.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

948,30

2

Марқұмның туыстары (заңды өкілдері) болмаған жағдайда қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға көмек көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

1 896,60

3

Қызмет алушылардың отбасы мүшелерін жеке күтім жасауға және санитарлық-гигиеналық сипаттағы практикалық дағдыларға оқыту.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

948,30

4

Мүгедектігі бар балалар үшін бір елді мекен шегінде үйден тыс серіктестік көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

1 896,60

5

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін бір елді мекен шегінде үйден тыс серіктестік көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

1 896,60

6

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға хат жазуға және оқуға көмек көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

474,15

7

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға ыстық тамақ, азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі азық-түлік емес тауарларды сатып алуға және үйге жеткізуге көмек көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

948,30

8

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тамақ әзірлеуге көмек көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

1 896,60

9

Орталықтандырылған жылу және (немесе) су жүйесі жоқ тұрғын үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға пешті жағуға, отын, көмір және су жеткізуге көмек көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

948,30

10

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға заттарды жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыруға және қайта жеткізуге көмек көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

632,20

11

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға заттарды жууға көмек көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

474,15

12

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үшін тұрғын үйді жөндеуді және жинақтауды ұйымдастыруға көмек көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

948,30

13

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

474,15

14

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек көрсету.

Әлеуметтік жұмыс маманы / әлеуметтік қызметкер-кейс менеджер (Әлеуметтік жұмыс кеңесшісі)

164,15

15

Жеке жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау (мамандар жұмысының үйлестіруі, қызметтердің жеке жоспарға сәйкес көрсетілуін мониторинг жасау).

Әлеуметтік жұмыс маманы / әлеуметтік қызметкер-кейс менеджер (Әлеуметтік жұмыс кеңесшісі)

164,15

Әлеуметтік-экономикалық қызметтер

16

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемдерді, алименттерді және басқа төлем түрлерін алу бойынша көмек көрсету, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

948,30

17

Тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және басқа да төлем түрлерін алуға көмек көрсету, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу.

Әлеуметтік жұмыс маманы / әлеуметтік қызметкер-кейс менеджер (әлеуметтік жұмыс кеңесшісі)

164,15

18

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ балаларды тәрбиелейтін және 18 жастан асқан тұлғаларға күтім көрсететін отбасыларға өздігінен қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша кеңес беру.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

19

20

Қызмет алушылардың санын есепке алу, статистика және есептілік жүргізу, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу.

Әлеуметтік жұмыс маманы / әлеуметтік қызметкер-кейс менеджер (әлеуметтік жұмыс кеңесшісі)

164,15

Әлеуметтік-мәдени қызметтер

21

Мерекелік және бос уақытты өткізу іс- шараларын ұйымдастыру

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

948,30

22

Мерекелік және бос уақытты өткізу іс- шараларын ұйымдастыру

Әлеуметтік жұмыс маманы / әлеуметтік қызметкер-кейс менеджер (әлеуметтік жұмыс кеңесшісі)

164,15

23

Клубтық және үйірмелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

948,30

24

Клубтық және үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу

Әлеуметтік жұмыс маманы / әлеуметтік қызметкер-кейс менеджер (әлеуметтік жұмыс кеңесшісі)

164,15

25

Қызмет алушыларды бос уақыт, мәдени іс-шараларға тарту

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

26

Қызмет алушыларды мәдени шараларға бару кезінде сүйемелдеу

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

1 896,60

Әлеуметтік-құқықтық қызметтер

27

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету және заңнамаға сәйкес әлеуметтік қамтамасыз ету мен көмек көрсету құқықтары мәселелері бойынша құқықтық кеңес беру.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

474,15

28

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында және заңнамаға сәйкес әлеуметтік қамтамасыз ету мен көмек алу құқықтары мәселелері бойынша құқықтық кеңес беру.

Әлеуметтік жұмыс маманы / әлеуметтік қызметкер-кейс менеджер (әлеуметтік жұмыс кеңесшісі)

164,15

29

Құқықтық мәні бар құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

474,15

30

Құқықтық мәні бар құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету

Әлеуметтік жұмыс маманы / әлеуметтік қызметкер-кейс менеджер (әлеуметтік жұмыс кеңесшісі)

164,15

31

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың әрекеттері немесе әрекетсіздігі бойынша, қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін жағдайларда, өтініштерді дайындауға және беруге көмек көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

474,15

32

33

ҚР Азаматтық Кодексімен белгіленген тәртіпте сенімхат бойынша тиесілі жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алу.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

34

Қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне қатысты отбасы ішінде жасалған физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға көмек көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

35

Қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне қатысты отбасы ішінде жасалған физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға көмек көрсету.

Әлеуметтік жұмыс маманы / әлеуметтік қызметкер-кейс менеджер (әлеуметтік жұмыс кеңесшісі)

164,15

36

Балаларды, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар балаларды асырап алу, қамқорлыққа алу, патронаттық тәрбиеге беру, кәмелетке толмағандарды қамқорлыққа алу мәселелерінде қамқорлық немесе попечительство функцияларын атқаратын органдарға көмек көрсету, Кодекс талаптарына сәйкес.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

37

328,30

38

Қызмет алушыларды арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелер мен ұйымдарға орналастыруға жәрдемдесу, соның ішінде стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдарға құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

39

40

Балаларды тәрбиелеуден жалтарып жүрген, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар балалардың ата-аналарына қатысты ұсыныстарды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға рәсімдеу.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

41

42

Қызмет алушыларға құжаттарды рәсімдеуге қатысты құқықтық көмек көрсету: жұмыспен қамту үшін құжаттар, жеке басын куәландыратын құжаттар және құқықтық мәні бар басқа да құжаттар.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

474,15

43

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінде, сондай-ақ "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен адвокаттың тегін заң көмегін алуына жәрдем көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

158,05

44

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінде, сондай-ақ "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен адвокаттың тегін заң көмегін алуына жәрдем көрсету.

Әлеуметтік жұмыс маманы / әлеуметтік қызметкер-кейс менеджер (әлеуметтік жұмыс кеңесшісі)

164,15

Әлеуметтік-медициналық қызметтер

45

Денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған мамандарының, оның ішінде медициналық ұйымдардың қатысуымен медициналық кеңес беруіне жәрдем көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

46

Дәрігерге дейінгі көмекті көрсету

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

47

Дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдем көрсету: алу, сатып алу.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

48

Балаларға арналған жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес санаторий-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдем көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

474,15

49

50

Қызмет алушыларды техникалық қосалқы (компенсаторлық) және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалану дағдыларына оқыту.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

51

Денсаулыққа қатысты рәсімдерді жүргізу (дәрі қабылдау, тамшылар тамызу және емдеуші дәрігердің тағайындауына байланысты рәсімдер).

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

474,15

52

Емдік дене шынықтыру жаттығуларын орындауға көмек көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

948,30

53

Балаларға, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға патронаждық бақылау жүргізу.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

474,15

54

Медико-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдем көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

948,30

55

Медико-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдем көрсету.

Әлеуметтік жұмыс маманы / әлеуметтік қызметкер-кейс менеджер (әлеуметтік жұмыс кеңесшісі)

984,90

56

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін алуға жәрдем көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

57

Жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес протездік-ортопедиялық және есту аппараттары көмегін алуға жәрдем көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

474,15

58

Әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, соның ішінде жас ерекшелігіне байланысты бейімделу мәселелері бойынша кеңес беру.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

59

Дәрігерді үйге шақыру және қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымына апару.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

1 896,60

60

Мүгедектер мен қарт адамдарға санитарлық-гигиеналық қызмет көрсету (сүрту, жуындыру, гигиеналық ванналар).

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

61

Реабилитациялық іс-шараларды жүргізуге жәрдем көрсету (реабилитациялық қызметтер алу кезінде бірге жүріп қолдау көрсету).

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

1 896,60

Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер

62

Балаларды және он сегіз жастан асқан тұлғаларды олардың физикалық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттерін ескере отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастыру.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

948,30

63

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік ұйымдарда білім алуына жәрдем көрсету.

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

64

Ересектер үшін кәсіптік білім алуға жәрдемдесу

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

65

18 жастан асқан балаларды және жеке тұлғаларды күнделікті бағдарлау негіздеріне және қол ептілігіне, үйде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауға, өзін-өзі бақылауға, қарым-қатынас дағдыларына және әлеуметтік дағдылары орташа деңгейде өмірлік белсенділіктің басқа түрлеріне үйрету

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

66

Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

67

Өзін-өзі күту дағдыларын, жеке гигиенаны, күнделікті өмірде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, өзін-өзі бақылау және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған қызметтер

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

68

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оларды арнайы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жағдай жасау мәселелері бойынша отбасы мүшелеріне кеңес беру

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

69

Ата-аналарды немесе отбасы мүшелерін үйде оңалту негіздеріне үйрету

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

70

Отбасы мүшелеріне үйде он сегіз жастан асқан балалар мен жеке тұлғаларда маңызды өмірлік дағдыларды қалай дамыту керектігін үйрету

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

Әлеуметтік-еңбек қызметтері

71

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен мүгедектерге кәсіптік бағдар беру

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

72

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

73

Қызмет алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне үйдегі жұмысты ұйымдастыру бойынша кеңес беру

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

Әлеуметтік-психологиялық қызметтер

74

Қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, соның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, ынталандыру және белсенділікке ынталандыру

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

632,20

75

Қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету, жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

76

Әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау)

Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер

316,10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады