Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қоғамдық даму басқармасына қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 50 (елу) пайыз көлемінде ынталандырушы үстемақылар белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 16 маусымдағы № 18-5 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасына бағынысты "Өңірлік коммуникациялар қызметі" және "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 50 (елу) пайыз көлемінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Мәслихат төрағасы М. Мұқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады