Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының әкімінің 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 1 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32469 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Марқакөл ауданының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы 06 қаңтардағы №2 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Марқакөл ауданының аумағындағы Орта Теректі су қоймасында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды жою Марқакөл ауданы әкімінің орынбасары Н.М.Бейсеновқа жүктелсін және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды қабылдау тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енгізілді.

      Марқакөл ауданының әкімі Р. Кемешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады