Ұлан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 428 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 қарашадағы № 505 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Еңбек колексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасыныңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Занының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 428 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8229 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулыға қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      2) ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 желтоқсаннан қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданы әкімінің міндетін атқарушы Л. Кенжетаева

  Ұлан аудандық әкімдігінің
2025 жылғы "_13" қарашадағы
№ _505_ қаулысына қосымша
  Ұлан аудандық әкімдігінің
2020 жылғы "30" желтоқсандағы
№ 428 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:

      1) үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі кеңес беруші;

      3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:

      1) директор, директордың орынбасары;

      2) мәдени ұйымдастырушы;

      3) кітапханашы;

      4) аккомпаниатор;

      5) үйірме жетекшісі;

      6) дыбыс операторы;

      7) музыкалық жетекшісі;

      8) үйірме жетекшісі;

      9) хореограф;

      10) концертмейстер;

      11) мәдени ұйымдастырушы;

      12) дыбыс операторы;

      13) әдістемеші;

      14) ұжым басшысы;

      15) ұжым басшысы;

      16) суретші;

      17) хормейстер;

      18) әртіс

      19) қоюшы-режиссер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады