ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т қараңыз.
Қазақстан Республикасының Еңбек колексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасыныңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Занының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 428 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8229 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулыға қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
2) ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 желтоқсаннан қолданысқа енгізіледі.
| Ұлан ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Л. Кенжетаева |
| Ұлан аудандық әкімдігінің 2025 жылғы "_13" қарашадағы № _505_ қаулысына қосымша |
|
| Ұлан аудандық әкімдігінің 2020 жылғы "30" желтоқсандағы № 428 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
1) үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі кеңес беруші;
3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
1) директор, директордың орынбасары;
2) мәдени ұйымдастырушы;
3) кітапханашы;
4) аккомпаниатор;
5) үйірме жетекшісі;
6) дыбыс операторы;
7) музыкалық жетекшісі;
8) үйірме жетекшісі;
9) хореограф;
10) концертмейстер;
11) мәдени ұйымдастырушы;
12) дыбыс операторы;
13) әдістемеші;
14) ұжым басшысы;
15) ұжым басшысы;
16) суретші;
17) хормейстер;
18) әртіс
19) қоюшы-режиссер.