ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т қараңыз.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726- бабына сәйкес, Ұлан ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін алынған (алынуға жататын) кірістер (шығыстарды есепке алмағанда) бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Ұлан ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 127 "Ұлан ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8992-16 нөмірімен тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 09.04.2024 жылы жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Г. Калиева |
