"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай –ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Тұғыл ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылдың 18-қыркуйектегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Тұғыл ауылдық округі Тұғыл ауылындағы Пристань көшесі "Қасым Қайсенов" көшесі деп және осы Тұғыл ауылындағы Юность көшесі "Шәкәрім" көшесі деп қайта аталсын.
2. Шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырмын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізілсін.
| Тұғыл ауылдық округінің әкімі | Қ. Свенов |
