Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" №72 бұйрығына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зайсан ауданындағы ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға әлеуметтiк қолдау шараларының келесі түрлері көрсетілсін:
1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттік кредит айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
2. "Зайсан ауданындағы ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №30/7-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2025 жылғы 5 қаңтарда 205297 мемлекеттік тізіміндегі тіркеу нөмірімен жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы | Е. Загипаров |
