"Казахтелеком" Акционерлік қоғамының өкілі Қуанышев Айдар Қанатбекұлының 2025 жылғы 20 тамыздағы №53 сенімхат негізінде берген өтінішін қарастырып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 67, 69-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Казахтелеком" Акционерлік қоғамына ОТБЖ (оптикалық-талшықты байланыс желісі) төсеу және пайдалану үшін Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Секисовка ауылдық округі, Планидовка ауылы, есептік квартал 05-068-052 мекенжайында орналасқан, мемлекеттік меншіктегі 0,2699 га жер учаскесіне 2 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Жер учаскесін пайдалануға келесі шектеулер қойылсын: инженерлік коммуникациялардың қорғаныс аймақтарын сақтау, сондай-ақ оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
| Секисовка ауылдық округінің әкімі | К. Ракишев |
