"Казахтелеком" Акционерлік қоғамына ВОЛС төсеу және пайдалану үшін жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Секисовка ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 04 шешімі

      "Казахтелеком" Акционерлік қоғамының өкілі Қуанышев Айдар Қанатбекұлының 2025 жылғы 20 тамыздағы №53 сенімхат негізінде берген өтінішін қарастырып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 67, 69-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Казахтелеком" Акционерлік қоғамына ОТБЖ (оптикалық-талшықты байланыс желісі) төсеу және пайдалану үшін Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Секисовка ауылдық округі, Белокаменка ауылы, есептік квартал 05-068-051 мекенжайында орналасқан, мемлекеттік меншіктегі 0,5434 га жер учаскесіне 2 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. Жер учаскесін пайдалануға келесі шектеулер қойылсын: инженерлік коммуникациялардың қорғаныс аймақтарын сақтау, сондай-ақ оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Секисовка ауылдық округінің әкімі К. Ракишев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады