Риддер қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 33/9-VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3 бабының 1-тармағына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға жарналардың ең төменгі мөлшері Риддер қаласындағы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,014 (нөл бүтін он төрт мыңыншы) мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қалалық мәслихатының төрағасы Е. Нужных

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады