Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 33/7-VIII шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының Салық Кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінің 577 - бабына, 581 - бабының 3 - тармағына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Риддер қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      2. Риддер қаласы салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын жатқан елді мекен болып айқындалсын.

      3. Риддер қалалық маслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 19/17-VІ "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5558 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қалалық мәслихатының төрағасы Е. Нужных

  Риддер қалалық мәслихаттың
2025 жылғы "19" желтоқсандағы
№ 33/7-VIII шешіміне
1-қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

    №

Автотұрақтар (паркингтер) түрлері

Санаттар

1

Жер үсті шатырмен жабылған автотұрақтар, шатырмен жабылмаған автотұрақтар.

1-санат

2

Басқа мақсатқа арналған ғимараттарға жапсарлай салынған автотұрақтар, басқа мақсаттарға салынған ғимараттарға ішкери салынған автотұрақтар.

2-санат

3

Ғимараттардың жер асты, жертөле, цокольды немесе жерүсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар.

3-санат

  Риддер қалалық мәслихаттың
2025 жылғы "19" желтоқсандағы
№ 33/7-VIII шешіміне
2-қосымша

Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

     №

Автотұрақтар санаттары

Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы

1

1-санат

8,2025

10 есе

2

2-санат

8,2025

9 есе

3

3-санат

8,2025

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады