Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 94 "Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 3796 қаулысы

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 94 "Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бөлімнің штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігімен бекітіледі.";

      14-тармақта:

      2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жерді аймақтарға бөлу жобаларын, қаланың жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қаланың жергілікті атқарушы органының қала жерлерінде және оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта орналасқан жер учаскелерін беру, нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстар мен шешім жобаларын дайындау;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жер қатынастары саласында және сәулет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету:

      жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

      іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру;

      ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;

      кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;

      сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;

      жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;

      жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;

      жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

      қала шегінде жер учаскесіне құқықтар алу;

      жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;

      жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру;

      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою;

      құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

      эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;

      объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қала және ауылдық елді мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскелерін беру жөніндегі жер комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;";

      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, қала аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырылғаны туралы хабарламалар қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;";

      мына мазмұндағы 34-1), 34-2), 34-3), 34-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      34-1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      34-2) хабардар етпей орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы және ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтау;

      34-3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беру;

      34-4) сыртқы (көрнекі) жарнаманың қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, қаланың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде нақты орналастырылғанын орналастыру орнын, жарнама таратушының атауын және орналастыру фактісі анықталған күнді міндетті түрде көрсете отырып, оның орналастырылу фактісін бір рет фото немесе бейне растау жолымен анықтайды;";

      35) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бөлімнің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасау:";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Бірінші басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.".

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.".

      қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында орналастыруды;

      2) осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы А. Маулетханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады