ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т қараңыз.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың мынадай санаттарына жолақы төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленсін:
1) 70 жастан асқан азаматтарға – тариф құнынан 55 %;
2) 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, Өскемен қаласының Құрметті азаматтарына – тегін жол жүру;
3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, көру қабілеті бойынша екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, 80 жастан асқан азаматтарға – трамваймен тегін жол жүру.
2. Қаржыландыру көзі болып жергілікті бюджет анықталсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жеңілдіктерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | А. Акышов |
Өскемен қалалық маслихатының төрағасы | А. Светаш |