Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 127-бабына, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20395 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекаралары бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы " 22 " шілде № 175 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекаралары
№ | Тарих және мәдениет ескерткішінің атауы, мерзімі | Ескерткіштің түрі | Ескерткіштің орналасқан жері және координаттары | Ескерткіш-тің жалпы ауданы | Қорғау аймағының жалпы ауданы | Құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы | Қорғала-тын табиғи-ландшафт аймағы-ның ауданы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Катонқарағай ауданы | |||||||
1 | Большенарым 1 қорғандар тобы, ерте темір дәуірі | археология ескерткіші |
Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км | 22217 ш.м. | 139840 ш.м. | 46640 ш.м. | 56 497 ш.м. |
2 | Большенарым 2 қорғандар тобы, ерте темір дәуірі | археология ескерткіші |
Үлкен Нарын ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 км | 110904 ш.м. | 205422 ш.м. | 68889 ш.м. | 78326 ш.м. |
3 | Жұлдыз 1 қорғандар тобы, ерте темір дәуірі | археология ескерткіші | Жұлдыз ауылынан шығысқа қарай 1,9 км N49°10ʹ16,1000ʺ, E84°36ʹ32,9000ʺ | 260100 ш.м. | 318593 ш.м. | 106624 ш.м. | 115702 ш.м. |
4 | Жұлдыз 2 қорғандар тобы, біздің дәуірімізге дейінгі ХХ-ІХ ғасыр | археология ескерткіші |
Жұлдыз ауылынан шығысқа қарай 2,9 км; Көкбастау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км; Алтынбел ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3-3,5 км | 63827 ш.м. | 307137 ш.м. | 73595 ш.м. | 83441 ш.м. |
5 | Жұлдыз 3 қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі ХХ-ІХ ғасыр | археология ескерткіші |
Жұлдыз ауылынан Алтынбел ауылына қарай жол бойымен 3,5 км | 126438 ш.м. | 368583 ш.м. | 123765 ш.м. | 132909 ш.м. |
6 | Майемер қорғандар тобы, біздің дәуірімізге дейінгі IX-VIII ғасыр | археология ескерткіші | Майемер ауылының айналасы N49°10'36,8605", E84°57'55,9685" | 97141 ш.м. | 204766 ш.м. | 68083 ш.м. | 77109 ш.м. |
7 | Майемер қорымы, біздің дәуірімізге дейінгі IX-VIII ғасыр | археология ескерткіші |
Майемер ауылынан шығысқа қарай | 13957 ш.м. | 44565 ш.м. | 133883 ш.м. | 54734 ш.м. |
8 | Үштөбе қорғандар тобы, біздің дәуірімізге дейінгі ХХ-ІХ ғасыр | археология ескерткіші | Үштөбе ауылынан солтүстікке қарай 0,1 км N49°11ʹ20,1427ʺ, E84°49ʹ26,4951ʺ | 36471 ш.м. | 96707 ш.м. | 32099 ш.м. | 42382 ш.м. |
9 | Жазушы О. Бөкейдің музей-үйі, ХХ ғасырдың 40 жылдары | қала құрылысы және сәулет ескерткіші | Шыңғыстай ауылы, оңтүстік шетте N49°10'49,3365", E 85°52'24,1466" | 80 ш.м. | 7709 ш.м. | 2910 ш.м. | 2905 ш.м. |
10 | Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде қаза тапқан жауынгер шекарашылардың бауырластық бейіті, 1931-1945 жылдар | монументтік өнер құрылысы | Өрел ауылы, "3/93" комендатура ғимаратының жанында N49°14ʹ10,0985ʺ, E 86°20ʹ04,0505ʺ | 21ш.м. | 784 ш.м. | 257 ш.м. | 384 ш.м. |
11 | Кеңес үкіметі үшін күрескендердің бауырластық бейіті, 1919 жыл | монументтік өнер құрылысы | Үлкен Нарын ауылынан солтүстікке қарай 1 км N49°13'11,8386", E84°30'42,8858" | 249 ш.м. | 3438 ш.м. | 1150 ш.м. | 1529 ш.м. |
12 | Кеңес үкіметі үшін күрескендердің бауырластық бейіті, 1920 жыл | монументтік өнер құрылысы | Коробиха ауылы, мектептің ауласында N49°27'45,7264", E 85°03'27,8353" | 32 ш.м. | 2265 ш.м. | 755 ш.м. | 1136 ш.м. |
13 | О. Бөкейдің бюсті, 2000 жыл | монументтік өнер құрылысы | Шыңғыстай ауылы, музей-үйдің оңтүстік шетінде N49°10'49,8411", E85°52'23,5550" | 2,4 ш.м. | 817,6 ш.м. | 271 ш.м. | 435 ш.м. |
14 | Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде қаза тапқан "Шындағатұй" заставасының политругі А.А. Чазовтың бейіт басындағы ескерткіші, 1932 жыл | монументтік өнер құрылысы | Аршаты ауылынан шығысқа қарай 40 км, Шындағатұй шекара заставасы N49°15'04,4235", E 87°00'07,1828" | 56 ш.м. | 803 ш.м. | 269 ш.м. | 365 ш.м. |
15 | Даңқ ордендерінің толық кавалері А. Құсметовқа мемориалдық тақта, ХХ ғасырдың 70 жылдары | ансамбльдер мен кешендер | Көктерек ауылы, ауылдың орталығында N49°06'41,7318", E 84°28'21,6358" | 13 ш.м. | 12362 ш.м. | 4174 ш.м. | 6535 ш.м. |
16 | Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған "Қаралы ана" мемориалы, 1978 жыл | ансамбльдер мен кешендер | Үлкен Нарын ауылы, ауылдық саябақта N49°13'10,7269", E84°30'40,6999" | 719 ш.м. | 8911 ш.м. | 2986 ш.м. | 3948 ш.м. |
Өскемен қаласы | |||||||
17 | Меновное петроглифтер тобы, қола дәуірі - ерте темір дәуірі | археология ескерткіші | Меновное ауылының маңайы 49°54'27.99"С 82°32'52.53"В | 7877 ш.м. | 113704 ш.м. | 35276 ш.м. | 45329 ш.м. |
18 | Алтын өнеркәсіпшісі Валитовтың үйі, ХХ ғасырдың басы | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
К. Либкнехт көшесі, 21 | 791,1 ш.м. | 24498,2 ш.м. | 8158,7 ш.м. | 11595,2 ш.м. |
19 | А.С. Меновщиковтың шарап сақтайтын жертөлесі бар үйі, ХХ ғасырдың басы | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
А. Чехов көшесі, 35 | 320 ш.м. | 22231,3 ш.м. | 6754,3 ш.м. | 12919,6 ш.м. |
20 | Байланыс үйі, сәулетші И. Н. Репинский, 1959 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Қазақстан көшесі, 67 | 2329,5 ш.м. | 59601 ш.м. | 19841,8 ш.м. | 25876,7 ш.м. |
21 | Балық өнеркәсіпшісі И.Д. Подойниковтың үйі, 1899 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
А. Чехов көшесі, 30 | 135,7 ш.м. | 7503,5 ш.м. | 2501 ш.м. | 3732,8 ш.м. |
22 | Бухгалтер Жеромскийдың үйі, ХІХ ғасырдың соңы | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Қ. Қайсенов көшесі, 60 | 205,5 ш.м. | 5480,2 ш.м. | 1826,7 ш.м. | 2615 ш.м. |
23 | Выдринның үйі, 1910 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
М. Горький көшесі, 60 | 54,4 ш.м. | 5581,8 ш.м. | 1820,1 ш.м. | 2636,5 ш.м. |
24 | Е.П.Михаэлистің бейіті, 1913 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші | Ушанов қалалық зираты, Степное ауылына баратын тас жолдың бойында 49°58'15.22"С 82°40'10.44"В | 7 ш.м. | 830,9 ш.м. | 249,8 ш.м. | 493,2 ш.м. |
25 | Жоғарғы қалалық бастауыш училищесі, 1886 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Бейбітшілік көшесі, 29 | 801,7 ш.м. | 38135,6 ш.м. | 12696,7 ш.м. | 18734,3 ш.м. |
26 | И.Н. Кожевниковтың шыны және фаянс ыдыстары дүкені, 1914 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
М. Горький көшесі, 59 | 674,45 ш.м. | 3942 ш.м. | 1844 ш.м. | 2885 ш.м. |
27 | Коммерсант А. К. Бобровтың дүкені, 1918 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
М. Горький көшесі, 54 | 101,6 ш.м. | 6284,5 ш.м. | 1588,5 ш.м. | 2348 ш.м. |
28 | Коммерсант А.К. Бобровтың үйі, ХХ ғасырдың басы | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
С. Нұрмағамбетов көшесі, 31 | 435,2 ш.м. | 8187,2 ш.м. | 2570 ш.м. | 3464 ш.м. |
29 | Көпес А. Рафиковтың лабазы, ХІХ ғасырдың соңы | қала құрылысы және сәулет ескерткіші | М. Горький көшесі, 50 49°56'56.84"С 82°37'24.96"В | 780,2 ш.м. | 39804 ш.м. | 13268 ш.м. | 19702 ш.м. |
30 | Көпес үйі, ХХ ғасырдың басы | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
С. Нұрмағамбетов көшесі, 35 | 167,7 ш.м. | 5461 ш.м. | 1820 ш.м. | 2637 ш.м. |
31 | Көпес лабазы, ХХ ғасырдың басы | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
М. Горький көшесі, 66 | 264,4 ш.м. | 19008,1 ш.м. | 5772,9 ш.м. | 11055,4 ш.м. |
32 | Көпес Курочкиннің үйі негізінде салынған облыстық атқару комитетінің ғимараты, ХХ ғасырдың басы | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
А. Чехов көшесі, 33 | 1204,07 ш.м. | 13505,2 ш.м. | 9541,5 ш.м. | 13505,2 ш.м. |
33 | Кредиттік серіктестік банкі (1 қабат), ХХ ғасырдың басы | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Тоқтаров көшесі, 40 | 362,95 ш.м. | 7426,69 ш.м. | 2353,55 ш.м. | 3288,56 ш.м. |
34 | Құрылысшылар мәдениет үйі, 1952 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Бажов көшесі, 5/1 | 813,5 ш.м. | 31422 ш.м. | 16983,7 ш.м. | 25126,9 ш.м. |
35 | Мариин әйелдер училищесі, 1901 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Қ. Қайсенов көшесі, 67 | 852,8 ш.м. | 13921,3 ш.м. | 4656,5 ш.м. | 6466,2 ш.м. |
36 | "Мир" кинотеатры, ХХ ғасырдың 50 жылдары | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Қабанбай батыр көшесі, 51 | 745 ш.м. | 17888,3 ш.м. | 5962,6 ш.м. | 8328 ш.м. |
37 | Орталық мешіт (бұрынғы приходтық училище), 1897 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Қазақстан көшесі, 61 | 584,2 ш.м. | 33253,6 ш.м | 10179,4 ш.м. | 19028,5 ш.м. |
38 | № 13 орта мектеп ғимараты, ХХ ғасырдың 50 жылдары | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Правда көшесі, 3, Аблакетка ауданы | 1506 ш.м. | 34851 ш.м. | 11492 ш.м. | 15664 ш.м. |
39 | Өскемен теміржол вокзалы, 1936 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Мызы көшесі, темір жол станциясы | 534,6 ш.м. | 13692 ш.м. | 4563,6 ш.м. | 6380 ш.м. |
40 | "Рудный Алтай" газетінің баспаханасы (бұрынғы Халық Ағарту министрлігінің бастауыш мектебі), 1900 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Бажов көшесі, 12 | 344,5 ш.м. | 8745,9 ш.м. | 2915,2 ш.м. | 4147,1 ш.м. |
41 | "Сәуле" дүкені (бұрынғы "Савва Семенов және оның ұлдары" сауда үйі), 1910 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
А. Чехов көшесі, 52 | 830 ш.м. | 8973,6 ш.м. | 2977,2 ш.м. | 3926,6 ш.м. |
42 | Сыра зауытының иесі Яворовскийдің үйі, 1908 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Қ. Қайсенов көшесі, 65 | 190,2 ш.м. | 15178,1 ш.м. | 5059,4 ш.м. | 7674,3 ш.м. |
43 | Тарихи-өлкетану музейінің ғимараты (бұрынғы Қалалық полиция басқармасы), ХХ ғасырдың басы | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Қ. Қайсенов көшесі, 40 | 884,7 ш.м. | 70054,1 ш.м. | 21316,1 ш.м. | 40628,4 ш.м. |
44 | "Теремок" ательесі, ХХ ғасырдың 50 жылдары | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
М. Горький көшесі, 70 | 131,9 ш.м. | 20509 ш.м. | 6836,4 ш.м. | 10638,8 ш.м. |
45 | Троицкая шіркеуі, 1809 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Лихарев көшесі, 16 | 406,2 ш.м. | 29110,1 ш.м. | 9692,1 ш.м. | 14616,5 ш.м. |
46 | Халықтар достығы үйі (бұрынғы ерлер бастауыш мектебі), 1912 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Қазақстан көшесі, 63 | 661,3 ш.м. | 27548,3 ш.м. | 9180,4 ш.м. | 13426,7 ш.м. |
47 | Шарап дүкені, 1907 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Бейбітшілік көшесі, 25 | 354,3 ш.м. | 8987,2 ш.м. | 2987,2 ш.м. | 4214,5 ш.м. |
48 | Энергетиктер мәдениет үйі ("Алтайэнерго"), ХХ ғасырдың 50 жылдары | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
Бажов көшесі, 67, | 813,5 ш.м. | 50877,8 ш.м. | 16983,7 ш.м. | 25126,9 ш.м. |
49 | "Эхо" иллюзион (кинотеатры), 1911 жыл | қала құрылысы және сәулет ескерткіші |
А. Чехов көшесі, 54 | 156,7 ш.м. | 7686,9 ш.м. | 23060,3 ш.м. | 11934,3 ш.м. |
50 | Абай Құнанбайұлына ескерткіш, 2009 жыл | монументтік өнер құрылысы | Қазақстан көшесі, Республика алаңы 49°56'54.15"С 82°37'39.30"В | 327 ш.м. | 25431,8 ш.м. | 8477,3 ш.м. | 12856,6 ш.м. |
51 | Жамбыл Жабаевқа ескерткіш, 2019 жыл | монументтік өнер құрылысы | С. Нұрмағамбетов көшесі, 59, Жамбыл атындағы қалалық саябақ 49°57'3.20"С 82°37'34.40"В | 596,2 ш.м. | 4593 ш.м. | 1535 ш.м. | 2043,9 ш.м. |
52 | "Жұлдыздарға" мүсіні, мүсінші Е.В. Вучетич, сәулетші Л.И. Маковеев, 1962 жыл | монументтік өнер құрылысы | Протозанов көшесі, Орталық мәдениет үйінің алдында 49°57'19.62"С 82°37'21.12"В | 6,6 ш.м. | 1321,8 ш.м. | 440,6 ш.м. | 698 ш.м. |
53 | Кеңес үкіметі үшін күрескендердің бауырластық бейіті (1918-1919 жж.), авторы Н. Водозаборов, 1951 жыл | монументтік өнер құрылысы | Славский атындағы Ертіс жағалауы, Ертіс өзені көпірінің сол жағында 49°56'30.63"С 82°37'24.50"В | 126,3 ш.м. | 5805,5 ш.м. | 1935,2 ш.м. | 3121,5 ш.м. |
54 | Қабанбай батырға ескерткіш, 2014 жыл | монументтік өнер құрылысы | Өскемен қаласынан шыға берісте, Өскемен-Семей тас жолының бойында 49°57'28.27"С 82°30'16.40"В | 222,4 ш.м. | 22166,6 ш.м. | 7389 ш.м. | 11316 ш.м. |
55 | "Қылыштан орақ құямыз" мүсіні, мүсінші Е.В. Вучетич, сәулетші Л.И. Маковеев, 1962 жыл | монументтік өнер құрылысы | Протозанов көшесі, Орталық мәдениет үйінің алдында 49°57'18.27"С 82°37'23.40"В | 6,6 ш.м. | 1040,4 ш.м. | 346,8 ш.м. | 543,8 ш.м. |
56 | В.П. Потанин бейнесімен Үлбі металлургия заводының қызметкерлеріне арналған декоративтік монумент, мүсіншілер: А.Н. Бубель, В.Б. Самойлов, Х.М. Кульчаев, сәулетші С.П. Христофоров, 2002 жыл | монументтік өнер құрылысы | Потанин және Ә. Қашаубаев көшелерінің қиылысы 49°57'25.64"С 82°35'41.03"В | 126,3 ш.м. | 12651 ш.м. | 4252,2 ш.м. | 6867,1 ш.м. |
57 | С. Аманжоловқа ескерткіш, сәулетшілер Е.А. Сергебаев, Б.А. Әбішев, 2007 жыл | монументтік өнер құрылысы | 30 гвардиялық дивизия көшесі, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ғимаратының алдында 49°57'37.75"С 82°35'28.13"В | 22,3 ш.м. | 3145,8 ш.м. | 1048,3 ш.м. | 1627,4 ш.м. |
58 | С.М. Кировқа ескерткіш, мүсінші Н.А. Томский, 1938 жыл | монументтік өнер құрылысы | "Қасым Қайсенов" саябағы 49°56'53.31"С 82°37'18.08"В | 47,88 ш.м. | 4071,2 ш.м. | 1121,6 ш.м. | 2596,5 ш.м. |
59 | Устькаменная бекінісінің негізін қалаушыларға арналған декоративтік скульптура-субұрқақ, мүсінші В.С. Раппопорт, 1990 жыл | монументтік өнер құрылысы | Лихарев көшесі, 16, Андреев кафедралық соборының орталық гүлзарында 49°56'30.96"С 82°37'24.78"В | 2,96 ш.м. | 1138,8 ш.м. | 379,6 ш.м. | 605,8 ш.м. |
60 | Ф.Э. Дзержинский бюсті, сәулетші П.Б. Шишов, В.С. Раппопорт, 1984 жыл | монументтік өнер құрылысы | Қ. Сәтпаев даңғылы, 79 а 49°55'57.49"С 82°37'0.15"В | 96,1 ш.м. | 3102,6 ш.м. | 1034,3 ш.м. | 1498,9 ш.м. |
61 | Я.В. Ушановқа ескерткіш, мүсінші Г.А. Огнев, сәулетші А.Н. Душкин, 1973 жыл | монументтік өнер құрылысы | Ушанов атындағы алаң 49°57'33.06"С 82°36'20.24"В | 115,5 ш.м. | 8489,7 ш.м. | 2982,5 ш.м. | 4682,9 ш.м. |
62 | Бүкілодақтық симпозиумда кәсіпқой мүсіншілер орындаған мүсіншілік жұмыстардың ансамблі, 1989 жыл | ансамбльдер мен кешендер | Жамбыл атындағы саябақта 49°57'2.96"С 82°37'29.25"В | 47,3 ш.м. | 24762,6 ш.м. | 8170,7 ш.м. | 10684,6 ш.м. |
63 | Жамбыл атындағы қалалық саябақ, 1899 жыл | ансамбльдер мен кешендер | С. Нұрмағамбетов көшесі, 59 49°57'1.83"С 82°37'32.72"В | 54925,5 ш.м. | 166032,7 ш.м. | 55185,9 ш.м. | 64996,5 ш.м. |
64 | Кеңестік классицизм стиліндегі құрылыстар ансамблі, Металлургтер мәдениет үйінің маңы (барлығы 4 ғимарат), ХХ ғасырдың 50 жылдары | ансамбльдер мен кешендер |
Гоголь көшесі, 34,36 (аркасы бар үй); Н. Назарбаев даңғылы, 66 (дүкені бар үй); Н. Назарбаев даңғылы, 45,47 (тұрғын үйлер тобы) Гоголь көшесі, 34 | 7485,5 ш.м. | 77524,4 ш.м. | 26963,5 ш.м. | 29730,8 ш.м. |
65 | "Қасым Қайсенов" саябағы (бұрынғы Киров атындағы саябақ), 2005 жыл | ансамбльдер мен кешендер | Бейбітшілік, Қ. Қайсенов, А. Чехов, М. Горький көшелерінің қиылысы (тарихи орталық) 49°56'53.31"С 82°37'18.08"В | 48142,8 ш.м. | 443327 ш.м. | 144598,4 ш.м. | 206546,3 ш.м. |
66 | Устькаменная бекінісі, 1720 жыл | ансамбльдер мен кешендер | Үлбі өзенінің сағасы, Стрелка ауданы, монастырь аумағы Жер білігі 49°56'48.28"С 82°36'10.36"В Жексенбілік мектеп 49°56'50.22"С 82°36'2.88"В Офицерлер үйі 49°56'51.53"С 82°36'1.38"В Қасиетті Троицк шіркеуі 49°56'50.63"С 82°36'7.98"В | 16575 ш.м. | 69694,9 ш.м. | 23195,6 ш.м. | 28113,4 ш.м. |
67 | Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен батырларға арналған "Жеңіс" мемориалдық кешені, авторы В.С. Раппопорт, 1995 жыл | ансамбльдер мен кешендер | Протозанов көшесінің, Славский атындағы Ертіс жағалауының қиылысы, "Стрелка" ауданы 49°56'54.46"С 82°35'12.80"В | 5546,7 ш.м. | 27468,9 ш.м. | 9142,1 ш.м. | 11649,4 ш.м. |