Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19,69-баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы 2025 жылғы 06 тамыздағы №1939 бұйрығына сәйкес Сауран ауданы әкімдігінің Иассы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Сауран ауданы, Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан ауылы аумағынан ені 2 метр талшықты-оптикалық байланыс желісі жер жертелімдеріне жалпы алаңы 0,9352 га (9352 ш.м.) жер теліміне "Қазақтелеком" АҚ филиалы – "Желі" дивизионы" бірлестігіне 3 (жыл) мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Иассы ауылдық округі әкімі | С.Пирметов |