2026 жылға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 19 қарашадағы № 255 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі "Әлеуметтік кодексінің" 142-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:.

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Букебаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі М.Таңғатаров

  Сауран ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "19" қарашадағы
№ 255 қаулысына қосымша

Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуға арналған тарифтері

      Көрсетілетін қызметті беруші келесідей шарттарда қызмет көрсетеді:

      1. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      2. Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша іс-шараларды өткізу;

      3. Он сегіз жастан асқан тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      4. Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттар.

Қызмет алушы санатының атауы

Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге)

1

Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін)

87580,36

2

Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін)

87580,36

3

Он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедек адамдарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

87580,36

4

Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

87580,36


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады