Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 15 тамыздағы № 182 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 18, 69-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31,37-баптарына, Сауран аудандық жер комиссиясының мәжілісінің 2025 жылғы 01 шілдедегі №16 хаттамасына, Сауран аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кабирхан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (БСН:240240014957) 2024 жылғы 10 сәуірдегі №2605-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензиясына сәйкес, Сауран ауданы Бабайқорған ауылдық округі аумағынан "Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін" жалпы алаңы 197,0 га жер учаскесін 2030 жылдың 10 сәуіріне дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Кабирхан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстары аяқталғанан кейін бұзылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.

      3. "Сауран ауданы әкімдігінің "Сауран ауданы жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін.

      4. Осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Сауран ауданы әкімінің тиісті орынбасарына жүктелсін.

      Сауран ауданының әкімі м.а С.Садибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады