Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Шардара ауданы, Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі аумағынан "Казкрахмал" зауытын кәріз желісі құрылысымен қамтамасыз ету үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының қабылдануына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу Шардара аудандық жер қатынастары бөліміне (С.Ильясов) жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Бердешов жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Б.Туребеков |
| Шардара ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "09" қазандағы № 268 қаулысына қосымша |
Шардара ауданы, Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі аумағынан "Казкрахмал" зауытын кәріз желісі құрылысымен қамтамасыз ету үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемі
№ | Жер учаскесінің орналасқан жері | Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар) | Соныңішінде | |||||||
Ауылшаруашылық мақсатындағыжерлер | оныңішінде | |||||||||
егістік | Оның ішінде | Көп жылдық екпелер | шабындық | жайылым | Өзге жерлер | Орман қоры жері | ||||
Суармалы егістік | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі | 0,1418 | 0,1418 | - | - | - | 0,1418 | - | - | |
Барлығы | 0,1418 | 0,1418 | - |
| - | 0,1418 | - | - | ||
