2025 жылға арналған арнаулы Әлеуметтік қызмет көрсететін Ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 219 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне" сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін "Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің" "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы" және "Түлкібас ауданының мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының 1,2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқылық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Түлкібас аданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкiмiнің "Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"-не жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Естибаев

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "___"_________
№____қаулысына қосымша

Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері

      Көрсетілетін қызметті беруші шарттарда қызмет көрсетеді:

      18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету; Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету; 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету

Атауы

Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (тенге)

1

18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі

68956,95

2

Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі

68956,95

3

18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі

68956,95

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "___"_________
№____қаулысына қосымша

Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Түлкібас ауданының мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері

      Көрсетілетін қызметті беруші шарттарда қызмет көрсетеді:

      Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж жасы 1,5-нан 18-ге дейінгі психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету:

Атауы

Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (тенге)

1.

Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға оңалту орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін)

744042,65

2.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға оңалту орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін)

744042,65


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады