Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 486 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармағы мен 139-бабының 9-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Айқындалған азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі Төлеби аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.

      3. Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң "Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2022 жылғы 11 сәуірдегі №144 қаулысының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 мамырда № 28209 болып тiркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. "Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Жанғазиев

  Төлеби ауданының әкімдігі
2025 жылғы "__"
желтоқсандағы
№ ____ қаулысына қосымша

Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін спорт және мәдениет саласындағы мамандар лауазымының тізбесі

      1. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы

      2) Оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

      3) Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

      4) Шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары

      5) Қаржыгер

      6) Бас есепші

      7) Есепші

      8) Мемлекеттік сатып алу маманы

      9) Тәрбиеші

      10) Нұсқаушы, нұсқаушы-спортшы, әдіскер

      11) Барлық мамандықтағы дәрігер

      12) (Мамандандырылған) медициналық бике/аға

      13) Диеталық бике

      14) Психолог

      15) Жаттықтырушы

      16) Аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы-оқытушы

      17) Бөлім менгерушісі

      18) Іс жүргізуші

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1)мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2)мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      3)кітапхана филиал меңгерушісі, кітапханашы

      4)барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      5)барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      6)музыкалық жетекші;

      7)режиссер;

      8)хореограф;

      9)ұжым (үйірме) басшысы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады